Чек бермегендерді хабарлағандарға сыйақы берілді

Чек бермегендерді хабарлағандарға сыйақы берілді
Сурет: 365info.kz

«Азаматтық бақылау – чек талап ет» акциясына кез келген адам қатыса алады.

Жыл басынан бері бақылау-касса машинасының фискалдық чегін бермеу және банк картасын қабылдаудан бас тарту туралы хабарлаған азаматтарға 11,3 миллион теңге сыйақы берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2020 жылдан бастап Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Азаматтық бақылау – чек талап ет» акциясын өткізеді. Оның аясында азаматтар бақылау-кассалық машинаның фискалдық түбіртегінің берілмеуі немесе банк картасын қабылдаудан бас тартуы туралы хабарлай алады.