Қор нарығында доллар бағамы сәл өсті

Қор нарығында доллар бағамы сәл өсті
Сурет: Almaty.tv

Доллардың орташа бағамы 477, 12 теңге болды.

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 477,12 теңгені құрап, тағы 2,52 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 477, 12 теңге.

Ұлттық банктің 16 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 474, 19 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 475 теңге, сатып алу – 479 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 473,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 477,5 теңге.

Ресей рублі 7,45 - 7, 65 теңге аралығында саудаланып жатыр.