Тым жоғары пайызбен қарыз берген микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Тым жоғары пайызбен қарыз берген микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды
Сурет: Тurantimes.kz

Несиенің де өз реті бар

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының бұйрығына сәйкес «Квику» микроқаржы ұйымы» ЖШС қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Лицензиядан айыру үшін «Микроқаржылық қызмет туралы» ҚР Заңының 16-бабы 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларындағы талаптар негіз болды.

Бұл тұрғыда қызметін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, ҚР Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде бұза отырып жүзеге асырса, тиісті шешім қабылданады.

Сонымен қатар, заңда көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асырған жағдайда лицензиясынан айырылады.