Әуезов ауданы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі өтеді

Әуезов ауданы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі өтеді
Сурет: Gov.kz

Кездесуге мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысады.

Сайран Сайфеденовтің тұрғындармен кездесуі 13 сәуірде өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Құрметті  Әуезов ауданының тұрғындары!

Келесі кездесудің 13 сәуірде сағат 17:00-де №6 шағынаудан, №63 үй мекенжайы бойынша орналасқан Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында өтетінін хабарлаймыз.

Естеріңізге сала кетсем, сіздермен ашық диалог тұрақты негізде жүргізілуде. Барлық сұрақтар бойынша менің дайректіме жазсаңыздар болады. Мен сіздермен кестеге сәйкес кездесіп отыратын боламын», - делінген хабарламада.