Халық қалтасына қол салған салықшы

Халық қалтасына қол салған салықшы
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Салықшылар халық сеніміне кіре отырып, шағын несие алып, ақшаны өз қалтасына басқан

Қосшы прокурорлары салық органы қызметкерлерінің бірінің алаяқтық әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Декларация тапсырамын деген желеумен азаматтарға телефон соғып, кейін кездескенде олардың жеке деректері мен биометриялық деректерін телефон камерасына (жеке тұлғаны анықтау) алып, олардың атынан онлайн шағын несие алып, есепшотына ақша аударып отырған.

Ол «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Прокурорлар азаматтарды барлық ақпаратты мұқият тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржылық операцияларды жүзеге асыру туралы ұсыныстарына аса сақтықпен қарауға шақырады