Қазақстанның халықаралық резервтері 89,7 млрд доллар болды

Қазақстанның халықаралық резервтері 89,7 млрд доллар болды

55,8 млрд долларға дейін ұлғайды.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша, Қазақстанның халықаралық резервтері 89,7 млрд долларға жетті. Бұл туралы Ұлттық банктің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Осы жылдың 1 желтоқсанында жалпы халықаралық резервтер 89,7 млрд доллар болды. 2022 жылы алтын бағасының төмендеуіне, мемлекеттік қарыздың төленуіне, сондай-ақ, бірінші тоқсанда валюталық интервенциялардың жүргізілуіне байланысты алтын-валюта резервтері 467 млн долларға төмендеді», - деді Ғалымжан Пірматов.

Сондай-ақ, ол мұнай бағасының жоғары болуы Ұлттық қордың ақшасын толтырғанын атап өтті.

«Мұнай бағасы қалпына келіп, 6 трлн теңге көлемінде жоғары түсім келді. Оның ішінде шетел валютасындағы түсімдер 9,8 млрд доллар болып, Ұлттық қордың активтері 55,8 млрд долларға дейін ұлғайды. Қаржы нарығындағы құлдырауға қарамастан, Ұлттық қордың құрылғаннан бергі кірістілігі жылдық мәнде 3,08% болды», - деді Ұлттық банк басшысы.