Кейбір ағаш материалдарды экспорттауға тыйым салынды

Кейбір ағаш материалдарды экспорттауға тыйым салынды
Сурет: Sputnik

2019 жылы енгізілген бұл шектеу 6 ай сайын ұзартылып келеді.

Ресми статистика бойынша, биыл елімізден шет мемлекеттерге орман ағашы шығарылған жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

9 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрін әкетуге тыйым салынды.

Тыйым отандық тауар өндірушілерді, ағаш өңдеушілерді және жиһаз өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорындарды қолдау және орман қорын сақтау мақсатында енгізіліп отыр.

«Егер де орман қоры Қазақстан аумағының шамамен 15%-ын алып жатқанын ескерсек, өңдеуге тек 4-5%-ы ғана берілетінін ұмытпау қажет. Бұл орайда қоршаған ортаны қорғап, орманды алқапты ұлғайту үшін елімізден ағаш материалдарын әкетуге тыйым салынатынын ескертеміз. Ресми статистика бойынша, биыл елімізден шет мемлекеттерге орман ағашы шығарылған жоқ», - деді Индустриялық даму комитетінің құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының басшысы Мұхамед Андаков.

Бұл бұйрықта теміржол немесе трамвай жолдарына арналып, қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар есепке алынбайды.