Кейбір облыстарда жыл сайын өндірілетін мұнай көлемінің төмендеуі байқалады - Мағзұм Мырзағалиев

Кейбір облыстарда жыл сайын өндірілетін мұнай көлемінің төмендеуі байқалады - Мағзұм Мырзағалиев
Сурет: bani.md

Биыл «Ұлттық минералды ресурстар банкі» ақпараттық жүйесі пайдалануға беріледі.

Министр атап өткендей, жүйе инвесторларды тартуға мүмкіндік береді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Бұл саладағы негізгі мәселелердің бірі - қорлардың төмен деңгейде толықтырылуы болып табылады. Бүгінгі күні пайдалы қазбалар өсімінің қатты пайдалы қазбалар бойынша оларды өндіру көлеміне арақатынасының коэффициенті орта есеппен - 0,13, ал көмірсутек шикізаты бойынша - 0,9 құрайды. Сонымен қатар Қазақстанда көмірсутектер және ҚПҚ бойынша да үлкен перспективалар бар.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз геология саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын әзірлеуге кірістік. Толық зерттелмеген шөгінді бассейндердің мұнай-газ әлеуетін анықтау және тау-кен аудандары шегіндегі «терең горизонттарды» зерттеу көзделіп отыр. Жобаны іске асыру аумақты зерттеуге, пайдалы қазбалардың болжамды ресурстарын бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстары кезінде халықты жұмыспен қамтуға, инвестициялар тартуға және тау-кен байыту комбинаттарын салу мен пайдалану кезінде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешуге септігін тигізеді», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

 

Геологиялық ақпараттың электрондық базасына қол жеткізу мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың өзара қарым-қатынасын цифрлық форматқа көшіруге мүмкіндік береді. 2020 жылы барлау/өндіру, геологиялық ақпаратты сатып алуға лицензиялар беру секілді бірқатар бизнес-процестер әзірленді, мемлекеттік деректер базасымен интеграциялар жүргізілді.