Келесі жылы кейбір демалыс күндері ауысуы мүмкін

Келесі жылы кейбір демалыс күндері ауысуы мүмкін
Сурет: Gov.kz

Бұл мәселеге қатысты қаулы ресми қабылданған жағдайда, 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстанда келесі жылы кейбір демалыс күндері ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.

 «2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің  85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 Демалыс күндері:

 2022 жылғы 5 наурыз сенбіден 2022 жылғы 7 наурыз дүйсенбіге;

2022 жылғы 27 тамыз сенбіден 2022 жылғы 29 тамыз дүйсенбіге ауыстырылсын», - делінген қаулының мәтінінде.

Аталған қаулы 7 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға түседі.