KEGOC 4,9 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

KEGOC 4,9 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін
Сурет: Inbusiness.kz

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті  KEGOC АҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Құбыр өнімдерін өндіру жөніндегі зауыттың өтініші негізінде KEGOC АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі бөлігінде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталды», – деп жазылған хабарламада.

Тексеріс нәтижесі бойынша, KEGOC АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 164-бабының төртінші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, ол субъектінің өтініші бойынша соттың қарауына берілді.

Бұл ретте әкімшілік іс ТМРК пайдасына қаралған жағдайда, KEGOC АҚ-ға 4 900 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.