Қазба байлығымыз қанша уақытқа жетеді?

Қазба байлығымыз қанша уақытқа жетеді?
Сурет: интернеттен

Мұнай 30 жылға дейін пайдалануға жеткілікті.

Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаровтың айтуынша, Қазақстанның қазба байлығы 50 жылға жетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақстанда табылған қазба байлық қоры әлі жарты ғасыр бойы өндіруге жетеді. Нақты зерттеу нәтижесінде жер қойнауында осынша көлемде кен қоры бары анықталды. Оның ішінде алтын 20-25 жылға, мұнай 30 жылға дейін пайдалануға жеткілікті. Алда барлау жұмыстары жалғасын тауып, жетілдірілетін болады. Қазір елде 9 мыңнан аса кен орны бар. Ол жерлерден 103 түрлі пайдалы қазба алынады», - дейді геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров.