Димаш жаңа челлендж бастады

Димаш жаңа челлендж бастады
Сурет: Dknews.kz

Димаш Құдайберген ұлы ақын - Абайдың туған күніне орай әнші өз жанкүйерлеріне Абай өлеңдерін оқып, бейнежазбаны желіде бөлісуді ұсынды.

Бұл туралы Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Челленджге қатысу үшін Абайдың кез келген шығармасынан үзінді оқып, #abaychallange хэштегімен бейнежазба жариялауыңыз керек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Хакім Абайдың туған күні қарсаңында мен бұл керемет челленджді бастаймын. Егер сіз Мен сияқты жатқа оқып немесе Абайдың жүрегіңіз қалаған кез келген шығармасын оқып, бейнеге түсіріп, желіге салсаңыз, бұл біздің челленджіміздің бастауы болады»,  - деді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен 10 тамызда елімізде Абай күні атап өтіледі.