Алматы туралы үздік жарияланымдарға конкурс басталады

Алматы туралы үздік жарияланымдарға конкурс басталады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қаланың дамуына және өзекті қалалық мәселелерді жария етуге ерекше үлес қосқан республикалық және қалалық БАҚ өкілдері мен белсенді қоғам белсенділерінің арасында  Алматы күніне орайластырылған байқауға өтінімдер қабылдау басталады.

Байқауды Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мақсаты-Алматы қаласының дамуы туралы үздік жарияланымдар, репортаждар, БАҚ және әлеуметтік желілердегі сюжеттер авторларын, белсенді қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалап, көтермелеу.

Өтінімдер 2023 жылғы 10 тамыздан 10 қыркүйекке дейін қабылданады.

Өтінішті қоғам қайраткері, журналист, ұйым басшысы немесе БАҚ редакторы өзі бере алады, бірақ басқа адамдар да үміткерге өтініш бере алады.

Байқау жеңімпаздары он номинация бойынша анықталады:

1) Алматы туралы жазатын Үздік журналист.
2) Алматының ең белсенді қоғам қайраткері.
3) Қаланың ең белсенді қоғамдық ұйымы. 
4) Алматының үздік блогері.
5) Алматы туралы үздік бейненің авторы.
6) Алматының ең белсенді жастар көшбасшысы.
7) Алматы туралы үздік телеграм-арна.
8) Алматының үздік паблигі.
9) Алматыдағы өмірінен хабар тарататын Үздік ақпараттық сайт.
10) Үздік YouTube/ Алматы туралы Tik Tok-арна.

Конкурсқа журналистер, қазақстандық БАҚ редакторлары, оның ішінде әлеуметтік желілер мен платформалардағы жарияланымдар мен арналар, блогерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері қатвса алады, ең бастысы, олардың материалдары немесе қызметі Алматы қаласымен байланысты болуы қажет.

Өтінімдерді info@rsk.almaty.kz электрондық мекенжайына  «Конкурсқа қатысу үшін» деп көрсетіп жіберу қажет.

Байланыс телефоны: 8-775-266-13-33 

Салтанатты марапаттау Алматы қаласы күніне орай өтеді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.