Қазақстанның төрт өңірінде ауа райы қолайсыз болады

Қазақстанның төрт өңірінде ауа райы қолайсыз болады
Сурет: Ашық дереккөз

"Қазгидромет" РМҚ синоптиктері 13-15 желтоқсан аралығында Қазақстанның төрт өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

13 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.

Петропавлда 13 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын болады. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні - 15-20 м/с.

13-15 желтоқсанда Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с сақталады.

13 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Тау асуларында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда күші - 15-20 м/с.

Шымкентте 13 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістанда 13 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болады.

13 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысының орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с.