Қорғаныс министрлігі Үндістанмен ынтымақтастықты дамытпақ

Қорғаныс министрлігі Үндістанмен ынтымақтастықты дамытпақ
Сурет: Ашық дереккөз

Үндістан – Қазақстанның бітімгерлік саласындағы жетекші серіктесі

Нью-Делиде Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы, полковник Олжас Құсайынов бастаған қазақстандық делегация қорғаныс және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі бірлескен жұмыс тобының кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Үндістан – Қазақстанның бітімгерлік саласындағы жетекші серіктесі. Тараптар қазақстандық әскери қызметшілердің БҰҰ миссияларының біріне қатысу мәселелерін қарады. Отырыста сондай-ақ, жауынгерлік даярлық, әскери білім және ғылым саласындағы өзара іс-қимыл, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу туралы да айтылды.

Аталған шара екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес өтті.