Қазақстанның мәдени күндері Өзбекстанда өтіп жатыр

Қазақстанның мәдени күндері Өзбекстанда өтіп жатыр
Сурет: 24.kz

Шара аясында қазақ киносының күндері өтеді.

Ташкент қаласындағы «Түркістан» өнер сарайында Қазақстанның мәдениет күндерінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Өзбекстанның Мәдениет және туризм министрлігінің хабарлауынша, ашылу салтанатында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік мекемесінің шығармашылық тобының концерттік бағдарламасы болды.

Мәдени шараның ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Нұрқиса Дәуешов пен Өзбекстан Республикасының Мәдениет және туризм министрі Озодбек Назарбеков қатысты.

Концерттік бағдарламада Қазақстан Републикасының еңбек сіңірген қайраткері Әлішер Кәрімов, Рухия Байдүкенова, Мәди Сыздықов, «Гүлдер» ансамблі, «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері өнер көрсетті.

Сонымен қатар Ташкентте қазақ киносының күндері өтеді. Оның аясында Әлішер Науаи атындағы кинотеатр залдарында «Сұлтан Бейбарыс», «Мұқағали», «Дос-Мұқасан», «Время патриотов», «Паралимпиадашы», «На старте», «Лето 1941 года» көркем фильмдері, «Кенже қыз», «Бесік жыры», «Әмен ағаның ғажайып бәйтерегі» мультфильмдері көрсетіледі.