«Қазақтелекомнан» да қателік кетеді

«Қазақтелекомнан» да қателік кетеді
Сурет: ашық дереккөз

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Қазақтелеком» АҚ көрсететін қызметті тексеру барысында бірнеше заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«iD Net» қызметі бойынша интернетке кіру үшін ONT құрылғыларын жалға беру бойынша қызметін тексеру барысында абоненттерге қосымша жабдықты (модем) жалға беру белгілері (міндетті түрде) бар екенін анықтады», - делінген агенттік хабарламасында, деп жазды Azattyq Ruhy.

Акционерлік қоғамның ақпараты бойынша G-PON желісінің OLT стационарлық жабдығы мен абоненттерге Акционерлік қоғам міндетті түрде жалға беретін клиенттік жабдық арасында әрбір өндіруші OMCI өзара іс-қимылының меншікті (авторлық құқықпен қорғалған) хаттамасын қолданады. Осылайша, клиент стационарлық өндірушімен бірдей жабдыққа ие бола отырып, оны пайдалана алмайды, өйткені Акционерлік қоғам өзінің жабдықтарын «абонентке міндетті түрде жалға береді».

«Акционерлік қоғамның бұл әрекеттері клиенттің интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін алу үшін өзінің сертификатталған Абоненттік құрылғыларын пайдалану құқығына қатысты нормаларды бұзған. Демек, акционерлік қоғамның іс-әрекеттерінде департамент бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерін, атап айтқанда тұтынушылардың заңды құқықтарына нұқсан келтіретін үстем жағдайды теріс пайдалану іс-қимылын байқады», - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Осыған байланысты, акционерлік қоғамға бұзушылық белгілерін жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарлама жіберілді, оны ішінде тұтынушыларға өз жабдықтарын пайдалануға мүмкіндік беруді туралы ескертпе де бар.