Бейжің-2022: Қай елдердің спортшылары келеді?

Бейжің-2022: Қай елдердің спортшылары келеді?

2022 жылғы Қысқы Олимпиадаға әлемнің 90-нан астам елінен спортшылар келеді деп күтілуде. Олардың қатарында Гаити мен Сауд Арабиясы тұңғыш рет өз спортшыларын аттандырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяда өткен 2018 жылғы Пхёнчхан Олимпиадасында 95 елден спортшылар келген еді.

Ақ Олимпиадаға барлық құрлықтан спортшылар келеді деп күтілуде. Атап айтқанда, Азиядан - Шығыс Тимор, Гонконг, Үндістан, Иран, Кырғызстан, Ливан, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Таиланд, Тайвань, Өзбекстан, Филиппин, Жапониядан спортшылар келеді.

Ал Оңтүстік және Солтүстік Америкадан - Америкалық Виргин аралдары, Аргентина, Боливия, Бразилия, Гаити, Канада, Колумбия, Мексика, Перу, Пуэрто-Рико, АҚШ, Тринидад және Тобаго, Чили, Эквадор, Ямайка өз спортшыларына сенім артады. Сондай-ақ, Африкадан Гана, Мадагаскар, Марокко, Нигерия, Эритрея келеді.

Ақ Олимпиадада Еуропадан Австрия, Әзербайжан, Албания, Андорра, Армения, Беларусь, Бельгия, Болгария, Босния және Герцеговина, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грекия, Грузия, Дания, Израиль, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Кипр, Косово, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Монако, Молдавия, Мальта, Ресей, Польша, Португалия, Румыния, Сан-Марино, Солтүстік Македония, Сербия, Словакия, Словения, Түркия, Украина, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чехия, Швеция, Швейцария, Эстония келсе, мұхит аймағынан Австралия, Америкалық Самоа, Жаңа Зеландия спортшылары сайысқа түседі.

Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада еліміздің намысын 34 спортшы қорғайды. Олар қысқы спорт ойындарының ішінде спортттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен жүлделі орындарға таласады.