Қазақстанның барлық аумағында – тұман түседі

Қазақстанның барлық аумағында – тұман түседі
almaty-akshamy.kz

«Қазгидромет» РМК 19 қаңтарға ауа-райы болжамын жасады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Бүгін еліміздің басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.

Елдің тек батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аудандарында атмосфералық фронттардың өтуімен құбылмалы ауа райы болжанады – қар жауып, жаяу бұрқасын болады.

Қазақстанның барлық аумағында – тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.