Алматының кейбір көшелерінде көлік жүрісі шектеледі

Алматының кейбір көшелерінде көлік жүрісі шектеледі
Cурет: Ашық дереккөз

Саин-Шаляпин көшелері қиылысындағы жолайрық толығымен жабылады

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты қаланың бірнеше көшесінде көлік жүрісі шектеледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 9,10,11,12 маусым күндері сағ.08:00 мен сағ.19:00 аралығында Саин көшесінің Райымбек даңғылынан Марғұлан көшесіне дейінгі бөлігінде батыс бағытта көлік жүрісі уақытша ішінара шектеледі.

Сонымен қатар, жаңа асфальт жабынын төсеу үшін 10 маусым күні сағ.22:00-ден 11 маусым сағ.06:00-ге дейін Саин-Шаляпин көшелері қиылысындағы жолайрық толығымен жабылады.

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.