Қазақстандықтар Сочиге тікелей ұша алады

Қазақстандықтар Сочиге тікелей ұша алады
Cурет: Astanatv.kz

 Алматы-Сочи бағыты бойынша тұрақты әуе рейстері қайта жаңғыртылып жатыр.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2023 жылдың 28 маусымынан бастап Azimuth Airlines Алматы-Сочи бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсін қалпына келтіреді.

«Тасымалдау аптасына 1 рейс жиілігімен бейсенбі күндері Sukhoi Superjet-95 типті ұшақтармен жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, әуе қатынасын қалпына келтіру елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Бұған дейін Қазақстаннан жаңа әуе рейстері ашылатыны белгілі болған.