Қазақстандықтар қайда демалып жүр

Қазақстандықтар қайда демалып жүр
Сурет: ашық дереккөз
Жаздың алғашқы айынан Алакөл, Балқаш және Зайсан курортты аймақтарына сұраныс 5 есеге жуық өскен. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды, Almaty-akshamy.kz.
Атап айтқанда, Үшарал, Балқаш, Зайсан және Үржарға сұраныс өскен. Осы бағыттармен туристер Қазақстанның шығысындағы курортты аймақтар мен жағажай демалыс орындарына жетеді. Ірі туристік агрегатордың мәліметінше, көрсетілген бағыттар бойынша сұраныс 5 есеге жуық өсті.,-деп жазды Zakon.kz.
Бұл Үржар және Үшарал әуежайларының ұшу-қону жолақтарын жөндеу аяқталып, жұмыс бұрынғы режимде қайта басталғанымен байланысты болып отыр.
Жазғы маусымда сұраныс өскен бағыттардың ішінде Ақтөбе мен Түркістан ерекше көзге түседі. Биыл туристердің екі қалаға деген қызығушылығы 40% артқан.
«Ішкі туризмді дамыту шетелдік саяхатшылар санын арттыру сияқты маңызды. Мәдениет және спорт министрлігі ішкі туризмді ынталандыруға арналған түрлі бағдарлама әзірлеп, іске асырып жатыр. Мысалы, Kids go free бағдарламасы ел ішіндегі отбасылық демалысты тиімді жоспарлап, ақша үнемдеуге мүмкіндік береді. Отандастарымыз туроператорлар арқылы туристік пакеттерді сатып алып, 30%-ға дейін үнемдей алады»,-деді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.
Еліміздің топ-5 туристік бағытына Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау кіреді. Бес шаһар дәстүрлі түрде осы рейтингте көш бастап тұр. Жазғы маусымға қарай, оларға деген қызығушылық орта есеппен 20% өскен.