СІМ Лукашенконың Назарбаевқа хабарласқанына қатысты пікір білдірді

СІМ Лукашенконың Назарбаевқа хабарласқанына қатысты пікір білдірді
Сурет: ашық дереккөз
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Беларусь президенті Александр Лукашенконың Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа телефон соққаны туралы жаңалыққа түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ақпаратпен Сыртқы істер министрлігі де танысып үлгерген.

«Әрине, Беларусь Президенті – біздің бұрынғы президентіміздің байырғы одақтасы, олардың әрқашан айтатын нәрсесі бар. Сонымен бірге өздеріңізге белгілі, еліміздің сыртқы саясатын, оның ішінде шет мемлекеттермен қарым-қатынасын айқындау ҚР президентінің құзіретінде. Сондықтан Қазақстан-Беларусь қатынастары қазіргі мемлекет басшыларының арасында ғана талқыланатынына сүйенеміз»,-дейді Айбек Смадияров
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі: «Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық сипатқа ие, күн тәртібінде проблемалық мәселелер жоқ, барлық деңгейде тұрақты және жан-жақты байланыстар сақталып отырғанын»,-деп қоса кетті.

25 маусым күні Беларусь президентінің баспасөз қызметі Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы халықаралық жағдайды, аймақтағы жағдайды және Беларусь-Қазақстан қарым-қатынастарын талқылағаны туралы ақпарат таратқан.