Алматыда жер учаскелерін алуға қосымша 1,2 трлн теңге қажет

Алматыда жер учаскелерін алуға қосымша 1,2 трлн теңге қажет
Сурет: mail.kz

Алматыда жер учаскелерін алуға қосымша 1,2 трлн теңге қажет, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

 Алдын ала есептер бойынша, 2030 жылдың соңына дейін қаланың көп орталықтары мен басқа да аумақтарын дамытуға жер учаскелерін сатып алуды есепке алмағанда, шамамен 6,1 трлн. теңге бюджеттік (2,8 трлн теңге) және жеке (3,3 трлн теңге) инвестициялар, оның ішінде 2025 жылдың соңына дейін 2,2 трлн. теңге алдын ала талап етіледі.

Бұл ретте, жеке және бюджеттік көздерден әлеуметтік, жол, инженерлік және рекреациялық инфрақұрылымды салу үшін қажетті жер учаскелерін алуға қосымша 1,2 трлн теңге, оның ішінде 2025 жылға дейін 710 млрд. теңге және 2030 жылға дейін 490 млрд. теңге қажет болады.