Алматыда студенттік жатақханалардың жетіспеушілігі өзекті мәселе болып тұр

Алматыда студенттік жатақханалардың жетіспеушілігі өзекті мәселе болып тұр avesta-news.kz

Алматыда 715 мың жас тұрады, бұл қала тұрғындарының үштен бірін құрайды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі орынбасары А. Қырықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Қалада 255 мыңнан астам студент, оның ішінде 70% өңірлерден келген студент білім алатын 36 ЖОО мен 94 колледж бар. Жыл сайын басқа қаладан келген түлектердің 80%-ы Алматыда қалуға тырысады, бұл еңбек нарығына қосымша жүктеме жасайды. Түлектердің жалпы санынан 12 мыңға жуық адам жыл бойы жұмыс таба алмай, жұмыссыздар қатарын толықтыруда. Ресми статистика деректері бойынша, әрбір 5-ші жас жұмыссыз алматылық болып табылады.



Мұның себебі білім беру сапасында жатыр. Білім сапасына емес, дипломдарға сұраныс басым. Бұл ретте жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделі төмен. Болжам бойынша, таяу жылдары аспаз, тігінші, сатушы, қосалқы жұмысшылар, слесарь-жөндеушілер және т.б. сияқты біліктілігі орташа және төмен кәсіптер неғұрлым сұранысқа ие болады.



Білім беру деңгейіміз әрдайым жаңа жағдайларға сәйкес келе бермейді және нарықты қажетті кадрлармен қамтамасыз етуге дайын емес.



Осы және басқа себептерге байланысты NEET санатындағы жастардың үлесі артып келеді. Ресми деректер бойынша, 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар арасында бұл санатқа 27,7 мың жас кіреді, бұл 6,3%-ды құрайды. Ресми емес мәліметтер бойынша, олардың саны 50 мыңды құрайды.



Бұдан басқа, студенттік жатақханалар мен қолжетімді жалға берілетін тұрғын үйдің жетіспеушілігі мәселесі өткір болып отыр. Бүгінгі таңда жатақханалардағы орын тапшылығы 32 мыңнан асады, ал тұрғын үй кезегінде ресми түрде 17,5 мың жас отбасы тұр.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31