Алматыны дамыту үшін жеке инвестициялар тартылады

Алматыны дамыту үшін жеке инвестициялар тартылады
Сурет: kaztag.kz

Алматыны дамыту бағдарламасы таныстырылды.

Бүгін мәслихат сессиясында Алматыны дамыту бағдарламасы таныстырылды. Бұған жұмсалатын қаржының жартысынан астамы жеке инвестициялардан тартылады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

Бұл мақсаттарға шамамен 6,1 трлн теңге қажет. Оның 55%-дан астамы жеке инвестициялардан келеді. Алдағы үш жылда 1,3 трлн теңге және 2030 жылға қарай қалған 2 трлн теңгеден астам қаражат тарту жоспарлануда.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, Алматының даму бағдарламасындағы халыққа арналған қала, экономикасы тұрақты дамып келе жатқан, қоршаған ортасы қолайлы, әлемнің түкпір-түкпірінен таланттар, технологиялар мен инвестициялар тартатын үйлесімді мегаполис ретінде анықталған.