Алматының "Зерделі" шағынауданындағы 20 тұрғын үйді нығайту жұмыстары аяқталды

Алматының "Зерделі" шағынауданындағы 20 тұрғын үйді нығайту жұмыстары аяқталды
nur.kz

2014-2018 жылдары құрылған "Нұркент", "Зерделі", "Жас Қанат" шағынаудандарында қала билігінің шұғыл араласуын талап ететін бірқатар проблемалар шешімін тауып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Әкімнің орынбасары М. Әзірбаев жоғарыда аталған шағынаудандардағы жағдай туралы айта келе, қазіргі уақытта "Зерделі" шағынауданында тұрғын үйлерді нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Нығайтуды қажет ететін 30 үйдің 20-ы аяқталды, қалған үйлер келесі жылы нығайтылады, сондай-ақ аула аумақтары абаттандырылады.

Сонымен қатар, "Нұркент" тұрғындарының өтініші бойынша 18 тұрғын үйдің қасбеттерін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, олардың 16-ы бүгінгі күні аяқталды, 2 үй аяқталу сатысында, сондай-ақ аула аумақтарын абаттандыру аяқталуда.

Әлеуметтік нысандарды дамыту және салу аясында аулаішілік кеңістікте жер учаскесі сатып алынады және 320 орындық балабақша салынады.

"Жас Қанат" шағынауданындағы 30 аулада балалар мен спорт алаңдарын жөндеу және орнату жұмыстары жүргізілуде.