Қазақстандықтар етке көп ақша жұмсайды екен

Қазақстандықтар етке көп ақша жұмсайды екен
phonoteka.org

Ел тұрғындары, әсіресе, етке және ет өнімдеріне көп ақша жұмсайды екен. 

Қазақстандықтардың тұтынушылық шығындарында азық-түлік үлесі 50,8% құрайды. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП талдау қызметі мәлім етті, деп жазады Аlmaty-akshamy.kz.

Сарапшылар қазақстандықтардың, әсіресе, етке және ет өнімдеріне көп ақша (17%) жұмсайтынын атап өтті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтар мына азық-түлік түрлерін көп тұтынған:

  • сүт өнімдері (тоқсанына орта есеппен жан басына шаққанда 56,3 кг);
  • нан өнімдері және жарма өнімдері (31,7 кг);
  • жемістер (26 кг);
  • көкөністер (22 кг);
  • ет және ет өнімдері (19,3 кг).

"Халықтың аз қамтылған бөлігі ауқатты тұрғындармен салыстырғанда, балық пен теңіз өнімдерін 4,5 есеге, ет пен ет өнімдерін 3,5 есеге, сүт пен сүт өнімдерін 3,4 есеге аз тұтынады", - дейді мамандар.