Мөлдір Жаңбырбай алғашқы кездесуін жеңіспен бастады

Мөлдір Жаңбырбай алғашқы кездесуін жеңіспен бастады
Сурет: Оlympic.kz

Жерлесіміз сәтті бастады. Тәубе!

Каратэден ел командасы Токио Олимпиадасында бақ сынауда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын Мөлдір Жаңбырбай В тобына түсті. Ол бірінші кездесуде египеттік Радва Сайедті ұтты, есеп – 7:2. 

Алдағы кездесуді ол австриялық Беттина Планкке қарсы өткізбек. 

Сондай-ақ, өз тобында алғашқы екі орынды иеленген спортшылар жартылай финалға өтеді.