Түрксіб ауданында ыстық су беру уақытша тоқтатылады

Түрксіб ауданында ыстық су беру уақытша тоқтатылады
Сурет: Almaty.tv


2021 жылдың 7-18 маусым аралығында Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су беру  тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Алматы жылу желілері» ЖШС мекемесіне сілтеме жасай отырып.

Мекеменің мәліметінше, 7-11 маусым аралығында мына көшелерде ыстық су болмайды: – Сүйінбай – Қазақпаев – Белякова – Кожедуба; – Свердлов – Хабаровская – Таштитов – Орджоникидзе; – Сейфуллин – Терехина – Дулатов – Ақан Сері; – Клара Цеткин – Спасская – Костанай – Нұрсая.

7 - 18 маусым аралығында «Жұлдыз-2» шағынауданындағы мына көшелерде ыстық су тоқтатылады: – Рихарда Зорге – Молдағалиев – Чехов – Ақан Сері; – Лаврентев – Дөнентаев.