Қазақстан мен Түркия қосымша транзиттік рұқсат бланкілерін бөлуге келісті

Қазақстан мен Түркия қосымша транзиттік рұқсат бланкілерін бөлуге келісті
Сурет: gov.kz.

Қазақстан мен Түркия қосымша транзиттік рұқсат бланкілерін бөлуге келісті

2021 жылғы 2 маусымда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрінің орынбасары Селим Дурсунмен видеобайланыс форматында келіссөздері өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтемелеп.

Келіссөздер барысында жүктердің автомобиль көлігімен тасымалдары саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, атап айтқанда, рұқсат бланкілерімен алмасу мәселелері талқыланды. Қазақстан тарапы жүктердің тоқтаусыз тасымалдарын қамтамасыз ету үшін әмбебап рұқсат бланкілері қолдануды ұсынды және осы рұқсаттар Қазақстан аумағы арқылы жүктердің транзиттік тасымалдарына қолданыла алады.

Келіссөздер нәтижесі бойынша тараптар 2021 жылға Түрік тарапына қосымша 7000 транзиттік рұқсат бланкілерін беру бойынша келісімге келді және соның ішінде 5000 рұқсат Қазақстанның порттары арқылы тасымалдарға, ал 2000 рұқсат құрлықтағы өткізу пункттері арқылы тасымалдарға арналады.

Сонымен бірге Қазақстан тарапы өзара тиімді негізде тасымалдарды жүзеге асыру механизмін әзірлеу және талқылау мақсатында Қазақстан мен Түркия тасымалдаушылары ассоциациялары өкілдерінің арасында келіссөздер өткізуді ұсынды.