Қазақстандық теннисші Торонто турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Торонто турнирінің ширек финалына шықты
Сурет: Olympic.kz

Әлемдік рейтингте 46-шы орында тұрған қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Торонто турнирінің 1/4 финалында.

Путинцева 1/8 финалда америкалық Элисон Рискені (әлемнің 35-ракеткасы) 6:3, 7:5 есебімен жеңді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиадалық комитет сайтына сілтеме жасап. 

Кездесудің ұзақтығы 1 сағат 37 минутты құрады. Екінші сет барысында Путинцева 2:5 есебімен жеңіліп, бірақ қатарынан бес геймді ала білді. 

Енді 1/4 финалда қазақстандық спортшы итальяндық Камила Джорджиді үш сетте жеңген Джессика Пегуламен (АҚШ) кездеседі.