Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықованың WTA рейтингінде орны көтерілді

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықованың WTA рейтингінде орны көтерілді
Сурет: Egemen.kz

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова WTA жаңартылған рейтингіндегі орны көтерілді. 

Бұл туралы Sports.kz мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

18 жастағы Қазақстан теннисшісі өткен апта қорытындысы бойынша рейтингте 76 сатыға жоғарылап, енді 746-орында тұр. Сағындықова бір ай ішінде 310 сатыға көтерілгенін айта кетейік, жақында ғана ол 1056-қатарда тұрған болатын.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева да WTA рейтингіндегі орнын жақсартты. Ол 81-ден 73-орынға көтерілді. Сондай-ақ жекелей рейтингте тағы бір қазақстандық теннисші – Жанель Рүстемованың орны жоғарылады (1381-орын, +8 саты).