Ковид науқастарға бөлінген төсек-орын қоры онлайн бақыланады

Ковид науқастарға бөлінген төсек-орын қоры онлайн бақыланады
Сурет: Кubnews.ru

Елімізде коронавируспен ауырғандарға бөлінген төсек-орын қорын бақылау енді онлайн режимде жүргізіледі.

Орынмен қамтылуды қадағалау үшін ойластырылған интерактивті карта  - өңірлер бойынша медициналық ұйымдар деңгейіне дейін ахуалды бағалауға және жедел ден қою шараларын қабылдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com-ға сілтеме жасап. 

Бұл туралы Үкімет отырысында еліміздің денсаулдық сақтау министрі мәлім етті. Ажар Ғинияттың айтуынша,  бұл карта әкімдіктерге, денсаулық сақтау басқармаларына қолжетімді және  күнделікті шешім қабылдауға ыңғайлы. Індеттің ең көп таралуы қазір еліміздің 6 өңірінде байқалады.

Бұл - Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстары. Ал Алматыда соңғы бір аптада жағдай жақсарғанын айта кеткен жөн. Жалпы, еліміз бойынша инфекциялық төсек-орындар 30 проценттке, реанимациялық орындар 7 процентке толтырылған.

«Ауырған адамдардың 80% - егілмеген адамдар немесе 6 ай бұрын егілген адамдар екенін ескерсек, уақытылы КВИ-ға қарсы ревакцинациямен қамту қажет екендігін көрсетеді. Бүгінгі күні ревакцинацияны 5 млн.астам адам алды. Сонымен қатар бұл жұмыс 3 өңірде дұрыс деңейде орындалып жатқан жоқ, яғни, көрсеткіш 55%-дан төмен. Бұл – Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары», - деді ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.