Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты
Сурет: ktf.kz

Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин іріктеу сайыстарының финалына шыға алмады

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен А.Крунич ширек финалда жапониялық Мию Като – индонезиялық Алдила Сутджиадимен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық-сербиялық жұп басымдылық танытты – 6:2.
Екінші сетте жапониялық-индонезиялық дуэт тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:4).
Супер тай-брейкте А.Данилина мен А.Крунич жеңісті жұлып алды – 10:7.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандық-сербиялық жұп 2 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың жартысын мүлт жібермеді.

А. Данилина мен А. Крунич финалға шығу үшін доданың 1-ракеткалары, чехиялықтар Барбора Крейчикова – Катерина Синяковамен таласады.

Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин АҚШ ашық чемпионаты іріктеу сайыстарының финалына шыға алмады. Ол испаниялық Фернандо Вердаскоға жол берді – 6:7 (4:7), 3:6. Енді Ф.Вердаско ресейлік Павел Котовты жеңсе, негізгі турнирге өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.