Алмалы ауданындағы негізгі мәселенің бірі – жарықтың тұрақсыздығы

Алмалы ауданындағы негізгі мәселенің бірі – жарықтың тұрақсыздығы
Сурет: Janaturkistan.kz

Аудандағы тозған желілердің салдарынан электр көздері істен шығып, жиі жарықсыз қалады.

Әсіресе, Байтұрсынов – Абай – Төле би – Розыбакиев көшелерінің бойында жарық жиі өшеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Биылғы жылдың өзінде электр желілерінде ауданда 240-тан астам апат болды.
1) Электр энергиясымен жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін 2022-2023 жылдары қаланың электр желілерін жаңарту көзделген. 

«Осы жоба аясында аудан бойынша екі жыл ішінде резервтік қуатты 10кВт-қа дейін ұлғайтып, 156 км ескірген кабельдерді ауыстыру, сондай-ақ 13 тарату және 195 трансформаторлық подстанцияны қайта жаңартуды қарастырып отырмыз. Қазірдің өзінде 55 км (2022 жылғы жоспар - 81 км) кабель желілері ауыстырылды, 8 тарату (2022 жылғы жоспар - 10) және 42 трансформаторлық подстанция (2022 жылғы жоспар - 50) жаңартылды. Жыл соңына дейін тағы 26 км желіні ауыстырып, 2 тарату және 8 трансформаторлық подстанцияны қайта жаңғыртамыз», - деді қала басшысы Алмалы ауданының халқымен кездесуінде. 

Нәтижесінде, 2022 жылдың соңында аудандағы тозған электр желілерінің үлесі 70-тен 56%-ке дейін азаяды. 
Жоба аяқталғаннан кейін келесі жылы тағы 75 км желіні жаңарту, 3 тарату және 145 трансформаторлық подстанцияны қайта жаңарту есебінен тозған желілердің үлесі 44%-ке дейін азаяды. Осы шаралардың барлығы Алмалы ауданындағы электр желілерінің жұмысын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
2) 10 қыркүйекке дейін екі учаскеде 415 м жылу желілерін, оның ішінде  Досмұхамедов көшесінің бойымен Құрманғазыдан Абайға дейін ұзындығы 225 м және Бөгенбай батыр – Радостовец қиылысындағы аулада 190 м жылу желілерін қайта жаңғыртуды аяқтаймыз..