Қарсыласын 30 секундта сұлатты

Қарсыласын 30 секундта сұлатты
Сурет: Elorda.info

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дамир Төленов 30 секундта жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап.

Vesti.kz сайтының жазуынша, 19 ақпанда спортшы ең жеңіл салмақта OCTAGON лигасы чемпионы атағын қорғаған. Бұл жекпе-жек Алматыда өткен OCTAGON 41 турнирінің басты айқасы болды.

Жеңіліп көрмеген Төленовтің қарсыласы тәжікстандық Шерзод Ибодилоев еді. Дамир Төленов қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді. Бұл – Ибодилоев үшін ММА-дегі алғашқы жеңіліс.