Қазақстандық спортшы Данилина әлемдегі үздік он теннисшінің қатарына енді

Қазақстандық спортшы Данилина әлемдегі үздік он теннисшінің қатарына енді
Сурет: Prosports.kz

Ол Аустралия ашық чемпионатында өнер көрсетеді.

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында алғаш рет әлемдегі үздік он теннисшінің қатарына кірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Данилина бүгін жаңартылған әлемдік рейтингіде 11-ден 10-орынға көтерілді. Бұл - оның спорттық жолындағы жеке рекорды.

Анна үндістандық Саня Мирзамен бірге Аделаида-2 WTA 500 турнирінің алғашқы айналымында жарыстың бірінші ракеткалары чехиялық Барбора Крейчикова мен аустралиялық Сторм Сандерспен шеберлік байқасты.

Тартысты кездесуде бірінші партияда қазақстандық-үндістандық жұп 6:3 есебімен басымдық танытты. Екінші сетте қарсыластары дәл сондай есеппен есе қайырды. Супер тай-брейкте Б.Крейчикова мен С.Сандерс жеңісті жұлып алды – 10:6.

Енді Данилина Мирзамен бірге жылдың басты турнирлерінің бірі – Аустралия ашық чемпионатында өнер көрсетеді.