Қазақстандық сарапшылар климаттық мәселенің ушығып келе жатқанын айтты

Қазақстандық сарапшылар климаттық мәселенің ушығып келе жатқанын айтты
Сурет: Realist.online

Eлімізде шөлейтті аймақтар көбейіп келеді.

Президент жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Орталық Азиядағы климаттық мәселенің ушығып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.

Сәуірде Еуропа мен Орталық Азия өңіріндегі инфляцияның орташа көрсеткіші 12 пайыздан асып отыр. Бұл 2008 жылдан бергі бүкіл кезеңдегі инфляцияның ең жоғары деңгейі, - деді ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов.

Тұқымовтың сөзінше, Орталық Азияда климаттық мәселелер де ерекше маңызға ие.

«Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдеріндегі орташа температура 1,5°C-қа өсті. Яғни, 2°C  десек те болады. Бұл жаһандық өсімнен 0,7°С  жоғары. Тіпті елімізде шөлейтті аймақтар көбейіп келеді. Бұл тенденция әлемнің бүкіл елдерінде көрініс тауып отыр. Онда жылдық орташа температура 60-70 жылдармен және 2000-шы жылдармен салыстырғанда 5°C-қа көтерілген. Бұл өзекті мәселе деп білемін», - дейді спикер «Жаңа геосаяси жағдайдағы Орталық Азия ынтымақтастығы: сын-қатерлері мен келешегі» атты халықаралық конференцияда.