«Алтай» Қазақстан кубогін ұтты

«Алтай» Қазақстан кубогін ұтты
Сурет: Рrosports.kz

Волейболшы қыздар жарады

Ұлттық Олимпиада комитеті Өскемендегі "Жекпе-жек" сарайында волейболдан әйелдер командасы арасындағы Қазақстан кубогі аяқталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

Бәсекеге жалпы есебі сегіз команда қатысып, финалда "Алтай" және "Жетісу" командалары кездесті.

Қазіргі ел чемпиондары мен күміс жүлдегерлер арасындағы матч аса тартысты өтті. 

Бес партияға созылған кездесуде 3:2 есебімен (25-22, 25-16, 20-25, 25-27, 15-11) "Алтай" жеңіске жетті. 

Қола жүлдені "Қуаныш" командасы иеленді.