Қазақстандық өнертапқыш ойлап тапқан әмбебап дрон АҚШ-та қолдау тапты

Қазақстандық өнертапқыш ойлап тапқан әмбебап дрон АҚШ-та қолдау тапты
Сурет: 24.kz

Қазақстандық өнертапқыш, инженер-конструктор Ерлан Әлімханов АҚШ-та бірнеше патент алды.

Отандасымыз әртүрлі тапсырманы орындайтын әмбебап дрон ойлап тапқан. Бұдан бөлек конвертоплан, яғни тікұшақ пен самолеттың қосындысы сияқты құрылғыны жетілдіру жөнінде тағы бір жаңалық ашқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бірнеше әскери құрылымдар мен қару-жарақ шығаратын кәсіпорындарға ұсынысын жолдаған. Қолдау болып, демеушілер табылып жатса, өндірістік сынақтарға кіріспек.

Қазір отандасымыз Вашингтондағы Роквилл (Rockville) ғылыми орталығында америкалық оқушыларға роботехника және инженерлік шешімдер жөнінде дәріс береді.

«Екі дрон – ол кішкене құпия тақырып. Бірақ ол – көп мақсаттағы дрон. Ол неше түрлі тапсырманы шешеді. Енді түріктердің «Байрақтарына» ұқсайды. Қазақстанға керек болсам, келемін», - дейді өнертапқыш Ерлан Әлімханов.