Қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан 85 адамның денесін тауып, жер бетіне шығарды

Қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан 85 адамның денесін тауып, жер бетіне шығарды
Сурет: Ашық дереккөз

Құтқарушылар Газиантеп қаласында тәулік бойы екі ауысымда екі учаскеде жұмыс істеп жатыр

Түркияда зілзаладан кейін іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіле бастаған күннен бастап Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды тірідей құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Үйінді астынан өлі күйінде табылып, жер бетіне шығарылған 85 адамның 10-ы бала, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазіргі уақытта Қазақстан ТЖМ құтқарушылары екі елді мекенде іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

"Қираған үйлердің орнындағы үйінділердің арасын ашу жұмыстары жүргізілуде. Құтқарушылар тұрақсыз құрылымдарды бөлшектеу және арнайы кескіштің көмегімен жол тазарту және қирандылардың астынан зардап шеккендерді іздеуді жеңілдету үшін үйінділердің астындағы арматураны кесу жұмыстары жүргізуде. Бұл бетон, арқалықтар және басқа да құрылыс қалдықтарын бөлшектеп, арнайы техникаға жүктеуді жеңілдету үшін жасалады", - делінген хабарламада.

Бірінші эшелонмен барған құтқарушылар Газиантеп қаласында тәулік бойы екі ауысымда екі учаскеде жұмыс істеп жатыр. Қазақстанн ТЖМ екінші эшелонмен барған құтқарушылар Түркияға келген сәттен бастап Нурдагы қаласында іздеу-құтқару жұмыстарын тәулік бойы жүргізуде.