Қазақстандық екі жас теннисші әлемдік рейтингке енді

Қазақстандық екі жас теннисші әлемдік рейтингке енді
Сурет: Ktf.kz

Әлемдік жасөспірімдер рейтингі жарияланды.

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жастан кіші жас санатында жаңартылған әлемдік жасөспірімдер рейтингін жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Аружан Сағандықова 77-ші орында тұр. Ал Сандуғаш Кенжебаева бір сатыға көтеріліп, 78-ші орынға тұрақтады.

Анель Рүстемова 147-ші орында. Дана Байдәулет бірден 49 сатыға көтеріліп, әлемнің 167-ші ракеткасы атанды.

Еркежан Арыстанбекова 193-ші орында, Айя Напой - 211-ші орында (өткен аптамен салыстырғанда +47), ол екінші жүздікке сенімді түрде барады.