Қазақстандық боксшылар Бакудегі халықаралық турнирді үш алтынмен аяқтады

Қазақстандық боксшылар Бакудегі  халықаралық турнирді үш алтынмен аяқтады
Сурет: Olympic.kz

Финалда бес қазақстандық боксшы бақ сынады.

Олардың үшеуі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап. 

Талғат Сырымбетов (60 келі) әзербайжандық Азрак Бабыровты, Дархан Дүйсебай (71 келі) өзбекстандық Бекзод Хамидовты, Сағындық Тоғамбай (92 келі) Олимпиада жүлдегері Альфонсо Домингесті жеңді. 

48 келідегі Теміртас Жүсіпов Хасан Маликовтен (Әзербайжан), Тимур Қабдешов (54 келі) өзбекстандық Хожаназар Нортожиевтен жеңілді.

Бекзат Таңатардың (86 келі) еншісінде қола медаль бар.