Елімізде алғаш рет 50 баланың тұсауы бір сәтте кесілді

Елімізде алғаш рет 50 баланың тұсауы бір сәтте кесілді
Сурет: Dimashnews.com

Талдықорғанда тұңғыш рет бір сәтте 50 сәбидің тұсауы кесіліп, рекорд орнатылды.

Өңір әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, сәбилердің тұсауын өңірдегі ардагерлер, мәдениет, өнер, әдебиет және журналис­тика саласының қайраткерлері, атақты спортшылар, білікті дәрігерлер мен ұстаздар, мемлекеттік қызметшілер, т.б көпке танымал беделді азаматтар кескен.

Бұл ауқымды жиын елімізде алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Рухани іс-шара шымылдығы бүл­дір­шіндерге бата беру салтанаты­мен түрілді. Осы рәсімге арнайы келген «КИнЭС» Рекордтарды тіркеу департаментінің директоры Бақытжан Тастүлеков таңданысын жасырмады.

«Елімізде осындай ауқымдағы тұсау­кесер алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл күн – еліміз үшін айшықты сәттің бірі. Сондықтан 50 баланың бір мезетте бірдей тұсаукесері өткізілгені жайлы фактінің Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілгенін растайтын сертификат табыстаймын. Балалардың жолы ашық, әр қадамы ізгілікке толсын», - деді Б.Тастүлеков.

Тұсаукесер рәсімінен кейін аталған депар­тамент басшысы облыстық қо­ғам­дық даму басқармасына арнайы сертификат табыстады. Сонымен қатар Қазақстанның рекордтар кітабының соң­ғы шығарылымын сыйға тартты.