Қазақстандық боксшы IBF рейтингінде үздік «ондыққа» енді

Қазақстандық боксшы IBF рейтингінде үздік «ондыққа» енді
Сурет: Ашық дереккөзі

Чемпиондық белдікке Геннадий Головкин ие орта салмақта үздік «үштік» өзгерген

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап.

Sports.kz-тің мәліметінше, рейтингте Қазақстан боксшыларының орындары келесі: Екінші орта салмақта Әли Ахмедов алтыншы орынды сақтап қалды. Бірінші орында кубалық Уильям Скалл тұр, екінші орын бос, үшінші позицияда АҚШ боксшысы Калеб Плант есімі тұр.

Әлем чемпионы – мексикалық Сауль «Канело» Альварес. Чемпиондық белдікке Геннадий Головкин ие орта салмақта үздік «үштік» өзгерген: Эскива Фалькао (Бразилия) бірінші орын иеленсе, Майкл Зерафа (Австралия) екінші орынды сақтап қалған, ал мексикалық боксшы Хайме Мунгия үшінші орынға көтерілді. Тағы бір қазақстандық спортшы Мейірім Нұрсұлтанов 15-ші орыннан 8-іншіге көтерілген. Сұлтан Зауырбек екінші жеңіл салмақ дәрежесінде 13-ші орынды сақтап қалды. Рейтинг кестесінің көшбасшысы – Тәжікстан боксшысы Шавкат Рахимов, одан кейін британдық Зельфа Баррет пен француз Самир Зиани есімдері тұр. Бұл салмақтағы чемпиондық атақ бос тұр.