Қазақстандағы туристік қызметтердің сапасының артуына елдің әр тұрғыны мен әр қонағы өз үлесін қоса алады

Қазақстандағы туристік қызметтердің сапасының артуына елдің әр тұрғыны мен әр қонағы өз үлесін қоса алады
Сурет: Ia-centr.ru

Елімізде туристер өз ұсыныстарын қалдыра алатын арнайы сайт құрылды.

Азаматтар ұсыныстары мен шағымдарын арнайы сайтта қалдыра алады. 

Shagym.kz порталы E-tourism жүйесіне енгізілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com cайтына сілтеме жасап. 

Цифрлық модуль сала бойынша жұмыс істейтін нысандардың, туристік компаниялардың, жол бойындағы сервистердің, гидтердің қызметін бағалау үшін құрылды.

Сайтта шағым не өтініш қалдыру үшін турист порталдағы сауалнаманы толтырып, өз сөзінің дәлелі ретінде фотосурет тіркеуге тиіс. Мәліметтерді жүйенің өзі талдайды. Пайдаланушылардың ескертулерін, шағымдарын немесе ұсыныстарын мемлекеттік органдар, әкімдіктер және бизнес бірлесе пысықтап, шешімін іздейтін болады.

«Shagym.kz деген сайт. Кіресіз де, өз шағымыңызды немесе ұсынысыңызды жазып, қажет десеңіз, дәлел ретінде фотосуреттеріңізді тіркеп қоюға мүмкіндік бар. Жүйеде санаттар жеке-жеке бөлінген: дәретхана, шекара, қоқыс, қонақ үй, туроператор, көлік компаниясы деген сияқты. Алматыда не Шымкентте ме, мәліметтер жинақталып, нақты сол аймақпен жұмыс жүргізіледі. Оларға хабарласып, ескертулер туралы айтып, фотодәлелдерін келтіреміз. Сонда әкімдіктер проблемаға назар аударады», - дейді «Қазақ Туризм» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев.

.