Қазақстандағы байланыс операторларының тарифтері тексеріліп жатыр

Қазақстандағы байланыс операторларының тарифтері тексеріліп жатыр
Сурет: ашық дереккөз

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазақстандықтардың ұялы байланыс операторларының тарифтерді көтеруіне қатысты шағымдарынан кейін тексеру жүргізілді, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Операторлардың тарифтерді көтеретіні туралы хабарламаларға келетін болсақ, қазіргі уақытта агенттік өз құзыреті шегінде тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр: тұтынушылардан арыз-шағымдар түсті, олардың негізінде сұраныстар жіберілді, баға мониторингі жүргізіліп жатыр.

Бірақ бұл ретте агенттік бағаны көтерудің негізділігін монополияға қарсы жоғары бағаны белгілеу жөніндегі монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері болған кезде ғана тергеу барысында анықтай алады»", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

БҚДА мәліметінше, тарифтерді негізді көтеру деректері болмаған жағдайда заңнамада әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Еске сала кетейік, осыған дейін тұрғындар байланыс операторларының тарифтері қымбаттағанына шағымданған болатын.