Қазақстандағы БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр

Қазақстандағы БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр
Сурет: ашық дереккөз

Биылғы Құрбан айт мерекесінің басталуы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен тұспа-тұс келді.

Қазақстанда 2019 жылдан бастап Үкімет қаулысымен 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні болып бекітілді.

«Жаңалықты жай ғана жариялап қоймай, оқиғалар мен құбылыстардың өзара байланысын көрсету, ұлттық мүддемізді көздейтін сапалы талдау жасау маңызды».

Кеше Президент БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды табыстау рәсімінде қалам ұстаған қауымға осындай міндет жүктеді.