Қазақстанда тағы бір ауданның аты қазақыланады

Қазақстанда тағы бір ауданның аты қазақыланады
Сурет: Inbusiness.kz

Осыдан кейін Қарағанды облысында орыс тілінде бірде бір аудан қалмайды.

Қарағанды облысының әкімдігі «Қарағанды облысының Осакаров ауданын қайта атау туралы» Президент Жарлығының жобасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Егер оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойса, «Қарағанды облысының Осакаров ауданы Сарыбел ауданы болып қайта аталады».

Осыдан кейін Қарағанды облысында орыс тілінде бірде бір аудан қалмайды. Бұл өңірде Осакаровтан басқа Бұқар жырау, Абай, Ақтоғай, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандары бар.